«Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығы (2026.23.01. берілген өзгерістермен)

Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығы

(2026.23.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережесінің 15-тармағы 245) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

 

Е. Сагимбаев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитеті Төрағасының

2024 жылғы 20 ақпандағы

№ 31/қе бұйрығына 1-қосымша

 

 

Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.